Алматы облысында ер адам өз әйелін тонады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ұйғыр ауданында жергілікті полицейлерге өз күйеуіне шағымданған 38 жастағы Шонжы ауылының тұрғыны жүгінді. Әйел оның 65 жастағы ері қарумен қорқытып, құжаттары мен 500 мың теңгесін алып қойғанын мәлімдеді.
None
None

Полицейлер бірден ден қойып, күдіктіні қолға түсірді, қазір ол Ұйғыр АІІБ тиісті айғақ беруде. 12-ші калибрлі «МЦ-21-12» қаруы ұсталған ер адамның атына тіркелген болып шықты. Қару тәркіленіп, іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды.

Сот алды тергеу ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар