Алматы облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен кәмелеттік жасқа толмаған алты бала табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері «Іздестіру» операциясын өткізудің екі күнінде аймақтың түрлі аудандарында және түрлі уақытта хабар-ошарсыз жоғалып кеткен деп есептелген 27 адамды тапты, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген алты бала бар.
None
None

«Іздестіру» жедел-алдын алу шарасының бірінші күнінде Панфилов АІІБ-нің қызметкерлері хабарсыз жоғалған 4 адамды тапты, соның ішінде үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар болып шықты. Олардың ең кішісінің жасы 10-да, тәртіп сақшылары оны Жаркент қаласындағы жергілікті вокзалдан тапты. Ата-анасымен ұрысып қалған бала соңғы бірнеше күн осы жерді паналап жүрді. Панфилов ауданының кәмелеттік жасқа толмаған басқа азаматшасы - 16 жасар бойжеткен бір ай бойы құрбысының үйінде жасырынып келген. Мәлім болғандай, ол ата-анасымен ұрысып, үйінен қашып кеткен.

Сондай-ақ полицейлер Текелі және Талдықорған қалаларынан тапқан балаларды ата-аналарына қайтарды. Алматы облысының құқық қорғаушылары басқа азаматтарды іздеуді жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум