17:19, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматы облысында инфузия ерітінділеріне арналған бір рет қолданылатын жүйелер шығаратын зауыт ашылды
АЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін облыс әкімі Серік Үмбетов Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары барысында Қырбалтабай ауылында орналасқан инфузия ерітінділеріне арналған бір рет қолданылатын жүйелер шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты.
Тартылған инвестициялар сомасы - 430,2 млн. теңге, зауыт жылына 14-16 мың дана жүйе шығаруға қауқары бар. Бұл жерде 150 адам жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы - 30-40 мың теңге көлемінде.
«Бұл зауыт Индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының үшінші сатысы аясында іске қосылып отыр. Жалпы алғанда осы бағдарлама аясында Алматы облысында 117,6 млрд. теңгеге 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады», деді ашылу салтанатына жиналған қырбалталықтар алдында сөйлеген сөзінде облыс әкімі.