Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Сарыөзек кентінің маңындағы «Үржар» бекетінде кеше кешқұрым арнайы операция барысында есірткі сатушы ұсталды.
None
None

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағы әріптестерімен және «Арлан» жедел әрекет ету бөлімшесінің сақшыларымен бірлесіп «Ауди» көлігін тоқтатқан. Шетелдік көліктің рулінде Үштөбе қаласының 49 жастағы тұрғыны болған. Тексерудің алғашқы минуттарында-ақ ол өзін біртүрлі ұстап, қойылған сауалдарға түсініксіз жауап қайтарды. Бұл күдік келтірді. Нәтижесінде ер адамның есірткі саудалайтыны анықталды. Оның көлігінің бензин құятын багынан ұнтақ зат салынған орама табылды. Тағайындалған сот-химиялық сараптама әлгінің героин екенін анықтады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 669 гр. 96 мг. құрайды.

Тергеушілердің алдын ала жасаған болжамына сәйкес, облыс аумағына героиннің ірі көлемі Бішкектен контрабандалық жолмен жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар