Алматы облысында ірі жол-көлік апатынан 4 адам көз жұмды

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданында «БМВ» мен «Рено-Региум» автокөліктері соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Жол-көлік апаты Алматы-Астана тасжолының 114 шақырымында орын алған. «БМВ» көлігінің 4 жолаушысы оқиға орнында жантәсілім етті. Оның жүргізушісі мен 8 жасар қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар