Алматы облысында исламның дәстүрлі емес ағымын жекелеген ұстанушылардың белсенділігі артып отыр
Бұл ақпарат Алматы облыстық прокуратурасының оқу орталығында өткен экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етуге қатысты семинарда айтылды.
«Жедел ахуал көрсетіп отырғандай, облыс аумағында исламның салафит ағымын жекелеген ұстанушылардың, «Хизб -ут-Тахрир» партиясының жаңа ұяшықтарының құрылуының, сонымен қатар «Таблиғи Жамағат» дәстүрлі емес исламдық діни-миссионерлік бірлестігінің белсенділігі артып келе жатқандығы байқалуда», - деп жазады облыс прокуратурасының ресми сайты.
Семинар тақырыбының өзектілігін атап өткен облыс прокуроры Ғабит Миразовтың айтуынша, экстремизммен күрес мыстандарды аулауға айналмауы тиіс. «Дін мәселелерінде барынша сақ болу қажет. Мемлекет діни қауымның ішкі істеріне араласпауы керек», - деді ол
Семинарға қатысушылар діни заңнаманы қолдану саласындағы өзекті проблемаларды талқылап, пікір алмасты.