Алматы облысында қаржы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Ол 1963 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институты мен Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - заңгер, экономист.
Еңбек жолын Алматы қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер бөлімінің экономисі болып бастаған. Түрлі жылдарда аға экономист, бас экономист, Алматы қалалық қаржы бөлімінің аға ревизор-инспекторы, Алматы қаласы Калинин аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Калинин ауданы мемлекеттік салық инспекциясының басшысы, Алматы және Жамбыл облыстары бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Ақмол облысы салық комитетінің төрағасы, Алматы облысы салық департаментінің басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2011 жылғы шілдеден бастап - Жамбыл облысы салық департаментінің басшының орынбасары.