Алматы облысында қайтыс болғандарға зейнетақы төлеу фактілері бар

ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының прокуратурасы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» АОФ Алматы облыстық филиалының Көксу аудандық бөлімшесі қызметінің зейнетақы заңнамасына сай екендігіне тексеріс жүргізу барысында, қайтыс болған зейнеткер әйелге зейнетақы төленіп келгені анықталды.
None
None

Тексеру барысында анықталғаны, Балпық би ауылында тұрған 1950 жылғы 14 ақпанда туған Людмила Севостьяноваға 24 958 теңге көлемінде зейнетақы төленген. Көксу аудандық Әділет басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ол азаматша 2008 жылдың 31 тамызында жүрек талмасынан қайтыс болған.

Дегенмен, қайтыс болған азаматша туралы ақпаратты Көксу аудандық Әділет басқармасы зейнетақы төлеу орталығына тек 2008 жылдың 1 қазанында ғана жіберген. Нәтижесінде, 2008 жылдың қыркүйегінде марқұмның туысы оның есепшотынан зейнетақысын алып отырған.

Аудандық прокуратура сотқа бұл ақшаны мемлекет мүддесіне қайтарып алу туралы арызданды.

Аталмыш арыз сот өндірісінде қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум