Алматы облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай акция басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаевтың төрағалығымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Онда жастардың тәрибесіне бағытталған «Шаңырақ - мәңгілік елдің тұғыры» атты ұзақ мерзімдік акцияның басталғаны айтылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Б.Өнербаев журналистерге акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы баяндап берді.

- Облыс әкімдігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға қомақты үлес қосатын және Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған ірі көлемдегі акцияның тұжырымдамасын жасады. Бұл акция халықтың рухани құндылықтарын насихаттауға, жастардың осы тұрғыдағы білімін жетілдіруге, оларды елжандылық рухта тәрбиелеуге бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, жастардың жағымсыз қылықтарға бой алдыруының алдын алуға бағытталған, - деді Б. Өнербаев. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, жобаның жүзеге асырылуына жауап беретін арнайы жұмыс комиссиясы құрылған. Акция барысында түрлі шаралар өткізілмек. Соның ішінде киіз үй шаңырағының астында жастар үшін және басқа да қатысушыларға арнап ұйымдастырылатын шаралар да көп болмақ. Баспасөз мәслихаты барысында «Шаңырақ - мәңгілік елдің тұғыры» акциясын ұйымдастыру мен өткізу ісін жақсартуға қатысты «Жетісу» телеарнасының бас директоры Бейсен Құранбек, облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Әміре Әрін мен Атсалим Идигов ұсыныс-тілектерін айтты. Сөз сөйлеушілер аталмыш акциның жастар тәрбиесі жөніндегі жұмысты жақсартуға, жастардың тарих, салт-дәстүр, Қазақстан халқының мәдениеті туралы білімдерін жан-жақты кеңейтуге үлес қосатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар