Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына 40 мың ауылшаруашылық құрылымы қатысады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына меншік формалары әртүрлі 40 мың ауылшаруашылық құрылымы қатысады.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, биыл жаздық бидай дақылдарының егісіне 293 мың гектар, зәйтүн дақылдарына131,7 мың, қант қызылшасына 14 мың және көкөністер мен бақша дақылдарына 70 мың гектар жер бөлініп отыр.  

Онымен бірге, облыста барлық 117 мың гектар алқапта күздік дақылдардың жақсы жағдайы байқалуда, сондықтан астықтың бітік шығуы үшін оларды қар ерігеннен кейін минералды тыңайтқыштармен қоректендіру керек.

Соңғы жаңалықтар