14:27, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
Алматы облысында көлік апатынан 2 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында болған жол көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 2 адам жарақаттанды.
Полиция қызметкерлерінің алдын ала болжамдарына қарағанда, қайғылы оқиғаға жолдың қарсы жолағына шығып кетіп екі «Тойота» көлігінің соқтығысуына себеп болған «Мерседес» көлігінің 19 жастағы жүргізушісі кінәлі.
Талғар ауданы Панфилов кентінің маңындағы тас жолда болған көлік апатының салдарынан «Тойота» көлігінің жүргізушісі мен «Мерседес» көлігінің жолаушысы - бір әйел адам қаза тапты.
Түрлі жарақаттар алған «Мерседес» жүргізушісі мен автокөлік салонында болған 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.