18:44, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Алматы облысында көп қабатты тұрғын үйде газ жарылды, зардап шеккендер бар.
ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында Мұхамедов көшесі, 6 мекен-жайы бойынша орналасқан 3-қабатты тұрғын үйдің пәтерінде газ-ауа қоспасы жарылды, бірақ әрі қарай жанған жоқ. Зардап шеккендер бар.

Табиғи газдың кемуі 3 мамыр күні таңертең болған. Үй қабырғаларында жарық пайда болып, көрші пәтерлер зардап шекті. Әр түрлі ауырлық деңгейіндегі күйіктермен 1970 жылы туған Ресей азаматы ауруханаға жеткізілді.
ТЖ жою кезінде Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 4 адамы және техникасының 1 бірлігі жұмылдырылды. Тергеу тобы табиғи газдың кему себебін анықтауда.