Алматы облысында қылмыс әлемінің серкесі ұсталды, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қазан. ҚазАқпарат -Алматы облысының солтүстік өңірін қорқынышта ұстаған, қылмыс әлемінің серкесі болып табылатын 54 жастағы ер адамды ұстауға РГД-5 гранатасы мен 3 грамға жуық героин себеп болды.
None
None

Бұған дейін бірнеше рет істі болған күдікті облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және Қазақстан ІІМ оңтүстік өңірлік  ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің бірлескен қимылдары нәтижесінде Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде ұсталып, Алматы облысының ІІД-не жеткізілді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132 бабы бойынша қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 259 бабына сәйкес есірткі заттарын және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе шешілуде.

Соңғы жаңалықтар