17:05, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
Алматы облысында қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген жеті адам ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында бұрындары жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген жеті адам ұсталды.

Облыстық ІІД хабарлағандай, ұсталған адамдар Талдықорған, Іле, Ескелді, Қарасай, Талғар және Жамбыл аудандарының ішкі істер бөлімдері тарапынан ізделінген.
Олардың ішінде - алаяқтар, ұрылар, бопсалау мен атыс қаруын, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді заңсыз алғаны және сақтағаны үшін іздеуде жүрген ҰҚТ көшбасшысы бар.
Барлық ұсталғандар қамауға алынды, тергеу шаралары жүріп жатыр, деп нақтылады ІІД.