13:33, 02 Қазан 2010 | GMT +5
Алматы облысында май құю стансаларының бірінде жарылыс болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы Алакөл ауданының бір тұрғыны май құю стансаларының бірінде граната жарып, адам өлтіруге әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, алдын-ала долбарлар бойынша, әлгі азамат май құю стансаларының бірінің қызметкерімен сөзге келіп қалған. Біраз салғыласудан кейін, күдікті көлігінен шығып, әлгі операторға қарай РГД-5 қол гранатасын лақтырады.
Оқиға салдарынан үш адам түрлі жарақатпен Қабанбай ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың қатарында күдіктінің өзі де бар.
1979 жылғы әлгі азаматтың айтуынша, ол гранатаны Алматыда көшеден туып алған. Қазір ол ауруханада полиция қызметкерлерінің күзетуімен емделіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.