Алматы облысында мектеп директоры тоналды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы жалпы білім беретін мектеп директорының үйіне қарақшылық шабуыл жасауда күдікті ауданның кәмелеттік жасқа толмаған үш тұрғынын ұстады.
None
None

Қарақшылық шабуыл жөнінде арыз Еңбекшіқазақ АІІБ-не ауылдық мектеп директорынан 9 наурыз күні таңертең келіп түсті. 60 жастағы оқытушының сөзіне қарағанда, бетперде киген белгісіз үш адам түнде үйіне баса көктеп кіріп, ұлы мен өзіне күш қолданамыз деп қорқытып, 1 млн. теңгеден астам қаражат сомасында құнды заттарды қолды еткен.

Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер келесі күні үш күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Олардан ұрланған ноутбук, бейнекамера, ұялы байланыс төлемдерінің карточкалары мен ақша алынды. Ұсталған ер адамдар жергілікті тұрғындар болып шықты, олардың екеуі қазіргі уақытта ауылдық мектептің жоғары сынып оқушылары, үшіншісі сол білім ордасының түлегі.

Қазіргі уақытта үш күдікті қамауға алынды.

Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар