Алматы облысында мектеп формасының сапасына көңілі толмаған ата-аналар сотқа шағымданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты 180 талапкер мен жауапкер жеке кәсіпкер «С.Д.Ақбасовадан» қарыз өндіру туралы азаматтық істі қарады.
None
None

Талапарызда келтірілгендей, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылындағы орта мектебі оқушыларының ата-аналары 2014 жылы ата-аналардың жалпы жиналысында оқушыларға бірыңғай мектеп формаларын алу туралы шешім қабылдаған. Жауапкер мектеп формаларын тігуге өзінің қызметін ұсынған. Ата-аналар комитеті ақша жинап, жауапкерге берген. Алайда жауапкер өз міндетін орындамаған және ақшаны қайтармағандықтан, талапкер жауапкерден 1 211 000 теңге көлеміндегі соманы өндіруді сұраған.

Сот анықтағандай, жауапкер тамыз айында мектеп формасының 20 жиынтығын алып келген, алайда олардың сапасы мен тігу үлгісі ата-аналар жауапкермен келіскен сапаға сай болмаған. Сондықтан барлық ата-аналар аталған форманы алудан бас тартты.

Жауапкер 22 талапкерге 209 500 теңге көлеміндегі қарызын қайтарды.

Сот шешімімен жауапкер ЖК «С.Д.Ақбасоваға» қатысты 158 талапкердің 1 001 500 теңге көлеміндегі қаржыны өндіру туралы талапарызы ішінара қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар