Алматы облысында мемлекеттік қызметтің жаңа нормалары түсіндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында мемлекеттік қызметтің жаңа нормалары түсіндірілді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.
None
None

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевтың қатысуымен «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін түсіндіру» тақырыбында брифингі өтті. Жиын басында мемлекеттік қызметтің абыройлы әрі жауапты қызмет екендігіне арналған бейне ролик көрсетілді.

«Әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін үнемі әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, озық ойларды елімізге ендіру арқылы кәсіби мемлекет құру мақсатында Елбасымыз өзінің 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарын ұсынған болатын. Осыған сәйкес мемлекеттік қызметке орналасу, сынақ мерзімінен өту, кәсіби өсу, механизімін біршама өзгерттік. Енді үміткер тестілеуден өткен кезде жалпы дұрыс жауаптарының қосындысы негізге алынатын болады. Әрбір мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік қызметте 5 жыл өтілі бар тәлімгер бекітілетін болады. Тәлімгерлер 3 айдан 6 айға дейін мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерді бар білгеніне үйрететін болады», - деді С. Нұрғисаев.

Соңғы жаңалықтар