Алматы облысында мүгедек кәсіпкерлер өздерінің бизнестерін дамытуға демеушілік көмек алды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Риат Талтүсовтің хабарлауынша, Бақыт Толымбекова мен Қамыш Шәкәрімова көпфункционалдық тігін машиналарына ие болды. Олар тігішілікпен айналысады, достары мен құрбыларының тапсырыстары бойынша киім тігеді, бұл қосымша табыс олардың қалыпты өмір сүруіне көмектеседі.
Ал Самат Өмірбаев пен Талғат Банабаев аяқ киім жөндеумен айналысады. Олар бұған дейін материалдарды сапалы өңдейтін қайрау станогы, қолмен тігетін машина және қол бұрғы сияқты аспаптарға зәру болып келен еді. Демеушілік көмектің арқасында олар өз шеберханаларын осындай қажетті аспаптармен жарақтандырып алды.
Оларға азық-түлік өнімдерін шығаратын «Food.kz» ЖШС демеушілік көрсетті. Компания «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болып отыр.
Бұған дейін Алматы облысында «Даму-көмек» бағдарламасы бойынша 20 мүгедек кәсіпкерге демеушілік қолдау көрсетілді.