Алматы облысында Отан Қорғаушы күнінде «Даңқ» аллеясы ашылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 мамыр. ҚазАқпарат – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Отан Қорғаушы күнінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған «Даңқ» аллеясының ашылуы жоспарлануда.
None
None

Салтанатты шараға ішкі істер бөлімінің ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылығы, «Қазақстанның жас патриоттары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасының жеке құрамы қатысады.

«Даңқ» аллеясы мәрмәр тастарға орнатылған қызметтік міндеттерін атқару барысында ажал құшқан сегіз полицейдің фотосуреттерінен және бүгінде аллеяның қақ ортасында орнатылған қайта жөндеуден өткен ескерткіштен тұрады.

Соңғы жаңалықтар