Алматы облысында өз отандасын өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Өзбекстан азаматы өз отандасын өлтірді деген күдікпен ұсталды.
None
None

Облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 қыркүйекте Ұйғыр ауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде пышақталған дене жарақатымен ер адамның мүрдесі табылды. Тексеру барысында ол 22 жастағы Өзбекстан азаматы екені анықталды.

Өзбекстандық азаматты өлтірді деген күдікпен оның отандасы 25 жастағы ер адам ұсталды. Екеуі де демалыс аймағында құрылыста жұмыс істеп жүрген. Мас күйінде орын алған жанжал кісі өліміне алып келген.

Қазір күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар