Алматы облысында Райымбек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Райымбек аудандық сотында аудан әкімінің бұрынғы орынбасары Қ. Төлепбердиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.
None
None

Іс материалдарына сәйкес, Қ. Төлепбердиев лауазымды тұлға бола тұра, жер телімін бөлу үшін азамат С-дан 370 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Соттың 2015 жылғы 10 тамыздағы үкімімен Қ. Төлепбердиев ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) кінәлі деп танылды. Оған алпыс еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 22 200 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен қатар, жеке мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар