14:01, 15 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматы облысында республикалық және халықаралық іздеуде болған 31 қылмыскер ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері халықаралық және республикалық іздеуге жарияланған 31 қылмыскерді ұстады.

Полицейлер ағымдағы жылдың 12-14 наурызы аралығында «Іздеу» республикалық іс-шарасын өткізді.
Қарасай АІІБ-нің қызметкерлері іздеуде жүрген алты қылмыскерді ұстады. Талғар АІІБ-нің жедел уәкілдері бес қылмыскерді іздеп тапты, олардың біреуі өткен жылы Талғарда дәмханалардың бірінде атыс ұйымдастырған. Ал Талдықорғандық полицейлер жалпы алғанда іздеуде болған бес адамды қамауға алды, олардың біреуі ірі кәсіпорынның кеңсесіне топ болып шабуыл жасады деп күтіктелуде.
Шара барысында із-түзсіз жоғалған жиырма бір адамның мекен-жайы анықталды, олардың төртеуі кәмелеттік жасқа толмағандар.