Алматы облысында сегіз жасар қыз баланы кепілдікке алған ер адам 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

Талдықорған қаласының шағын аудандарының бірінде ішімдік ішіп, мас болған 32 жастағы ер азамат өзінің немере қарындасын кепілдікке алып, жазғы асханада жасырына отыра, өзінің талаптарын айта бастады.
Талдықорған қаласының прокуроры Бауыржан Сауғабаев хабарлағандай, бас кезінде ер азамат оған көлік беріп, Қазақстан жер аумағынан шығып кету үшін әуежайда ұшақ дайындап қоюды талап етті. Егер оның талаптары орындалмаса, ол қыз баланы бауыздаймын деп қорқытты, өзінің жалаң сөйлеп отырмағанын көрсету үшін ол баланы бетінен бірнеше рет ұрып жіберді.
Бірнеше сағат бойы қалалық ішкі істер органдары, прокуратура, ТЖМ өкілдері мас азаматты кепілге алған қызды босату жөнінде келіссөздер жүргізді. Бірақ келіссөздер еш нәтиже бермегендіктен, күш құрылымдары қылмыскерге шабуылдау туралы шешім қабылдады.
«Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген операция барысында кепілге алынған қыз бала босатылды. Арнайы операция шамамен бір минутқа созылды.
Арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері бұл жерде нағыз кәсіби шеберлік көрсете білді. Кепілге алынған қыз бала зардап шеккен жоқ, ал қылмыскер тұтқындау кезінде өзіне өзі пышақ салып үлгерді.
Адамды кепілдікте ұстау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы құрылды.
Талдықорған қалалық сотының өкімімен қылмыскер қатаң тәртіптегі түзеу колониясында 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.