20:00, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Алматы облысында шағын және орта бизнестің үлесі 29,6% құрады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өңір экономикасында жыл санап шағын және орта бизнестің үлесі артуда. Елбасының тапсырмасы бойынша 2050 жылға дейін ішкі жалпы өнім көлемі 50% құрауы тиіс. Алматы облысында бұл көрсеткіш 2015 жылы 29,6% құрады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде белгілі болды.

Бүгінгі таңда өңірде 158 мыңнан астам субъекті қызмет етуде. Онда 356 мыңнан астам адам еңбек етуде. Олар 830 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 258 жоба жүзеге асырылды, оған 3,9 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.