Алматы облысында тағы да жер сілкінді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Сәрсенбі күні сағат 08.25-те Алматы қаласының солтүстік-шығысына қарай 75 шақырымдай жерде жер сілкінісі болды.
None
None

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мекемесінің ақпараты бойынша, күші 2-3 балдық жерасты дүмпулері Еңбекшіқазақ ауданының Маловодное және Түрген ауылдарында сезілген.

«Күші 2 балдық жер сілкінісі Маловодное және Түрген ауылдарында кешке 21.43 минутта тағы қайталанды. Ешқандай қираулар болған жоқ», -деп хабарлады бүгін таңертең облыстық азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Сергей Салагаев.

Соңғы жаңалықтар