11:14, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматы облысында Тәуелсіздік монументі ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Панфилов ауданындағы Головацкий атындағы кентте облыс әкімі Серік Үмбетовтың қатысуымен «Тәуелсіздік тұғыры» ескерткішінің ашылу рәсімі өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, монумент авторлары - «Қорғас» Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы» акционерлік қоғамының бас сәулетшісі Талғат Жортанов пен танымал мүсінші Павел Шорохов.
Ескерткіш кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың ақшаларына салынып отыр. Монументті айнала жасыл желек отырғызылған, төңіректің бәрі абаттандырылған. Осы скверде екі дүркін Социалистік еңбек ері Николай Головацкийдің мүсіні де орнатылған.
Митингтен кейін Серік Үмбетов Тәуелсіздік монументіне және Н.Головацкийдің мүсініне гүл шоқтарын қойды.