12:08, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Алматы облысында тәуелсіздіктің мерейтойы жылында 293 мың тонна ет өндірілетін болады
ЛДЫҚОРҒАН. 23 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында тәуелсіздік мерейтойы жылында 293 мың тонна ет (тірілей салмақта), 670 мың тонна сүт және 918 млн. дана жұмыртқа өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бағдат Әлиев хабарлағандай, мал және құс түрлерінің саны артып, мал шаруашылығы тұрақты дамып келеді.
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту үшін жыл басынан бері 81 қожалық «ҚазАгро» Ұлттық холдинг» АҚ арқылы 894 млн. теңгеге қаржыландырды. Оған қоса, етті бағыттағы 6 мың бас мал сатып алынған», деп атап өтті Б. Әлиев.