Алматы облысында түйнеме ауруының таралуы анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Кербұлақ ауданының Жаңалық кентінде үш адамның түйнеме ауруын жұқтырып алу фактісі тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан.
None
None

Санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметінің ақпаратынша, түйнемені жұқтырып алу күдігімен аудандық ауруханаға 4 адам жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың үшеуінде бұл диагноз расталды: науқастардың бірі орташа, қалғандары - ауыр дәрежедегі дертке шалдыққан. Төртінші адамның медициналық талдаулары зерттелуде. Ауруханаға жатқызылғандардың барлығына қажетті ем жасалды, қазіргі таңда науқастар сауығып келеді.

Қазіргі кезде ауруды жұқтырып алушылармен байланыста болған 100-ге тарта адамдар анықталды, оларға қатысты медициналық-алдын алу шаралары өткізілді.

Арнайы комиссияның анықтауынша, науқастар ауылдағы жекеменшік шаруашылықтардың бірінде мал сою кезінде ауруды жұқтырған. Жаңалық ауылының тұрғындарында барлығы 89 сиыр мен екі жылқы бар.

Ауылда карантин жарияланды, үй жануарларына вакцина егілді. ТЖ орнында Алматы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаменті мамандарының қатысуымен арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум