Алматы облысында Ұлы Отан соғысының 100 ардагеріне 50 мың теңгеден тапсырылды

Аймақтың барлық аудандары мен қалаларын жиналған майдангерлерді жылы қарсы алған а.Мұсаханов өзінің соғыс ардагерлерін алда келе жатқан жалпыұлттық мейрам - 9 мамырмен құттықтауға мүмкіндік алып отырғанын атап өтті.
«Соғыс мұрағаттарында жетісулықтардың ерліктері алтын қаріптермен жазылған. Біздің жүз жиырма мың жерлесіміз майданға аттанып, оның жартысына жуығы майдан даласында жер жастанды, - деп атап өтті әкім. - Елу екі жетісулық Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Олардың тек біреуі ғана арамызда қалды. Ол Қаратал ауданының тұрғыны Иван Васильевич Косенков».
«Өкінішке орай, біздің ардагерлеріміз қатары жыл өткен сайын сиреп бара жатыр. Қазіргі күні облысымызда қалған Ұлы Отан соғысының 925 қатысушысы мен мүгедегі мемлекеттің қамқорлығына алынған», - деп атап өтті ол.
Одан кейін облыс басшысы барлық майдангерлерге жастарды тәрбиелеу, ардагерлер ұйымдарын ұйымдастыруға қосып жүрген үлестері үшін алғыс айтып, кездесуге келген 100 ардагердің әрқайсысына 50 мың теңгеден сыйақы табыс етті.
Осыған ұқсас сомаға облыстың барлық аудандарындағы ардагерлер де иеленді.