15:35, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Алматы облысында Үшарал-Достық автожолында қозғалыс жабылды
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 6 желтоқсан сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына орай (қар, боран және жолдың нашар көрінуі) Алматы облысында Үшарал-Достық автожолында (93-184 км) қозғалыс жабылды.

Сонымен қатар Алматы - Көкпек - Көктал - Қорғас жолы ашылды.
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.