Алматы облысында ұйымдасқан қылмыс желісі бойынша жыл басынан 111 факті тіркелді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың үш айында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыс желісі бойынша 111 фактіні анықтады.
None
None

Қылмыстық жауапкершілікке қылмыстық ортаның үш беделдісі, бір көшбасшысы және ұйымдасқан қылмыстық топтың 11 мүшесі тартылды. Сондай-ақ, ҰҚҚБ қызметкерлері «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына қайшы жұмыс істеген 17 ойын мекемесін әшкереледі.

Өткен ай ішінде алты адамнан құрылған қылмыстық топтың жұмысына тосқауыл қойылды. Олар Талдықорған қаласы мен Қаратал ауданының аумағында есірткіні таратумен айналысқан.

Соңғы жаңалықтар