Алматы облысында ықтимал инвесторларға 15 туристік жоба таныстырылды

Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан хабарлағанындай, жобалардың қатарында - тау шаңғысы курортының, этнотуристік сауықтыру кешенінің, түрлі турбазалардың, экологиялық-этнографиялық орталықтардың құрылыстары бар.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті туристік бағдарламаларды үйлестіру және іске асыру басқармасының бастығы Гүлжан Қырғызбаеваның айтуынша, жобаларды таныстырудың болып өткен шарасы - бұл ықтимал инвесторларды тартудың бірінші кезеңі. Қазақстандық және шетелдік бизнес-элиталарының арасынан инвестицияларды іздеуді ҚР Туризм және спорт министрлігімен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және компания ісіндегі коммерциялық табыстарға мүдделі басқа да ұйымдар мақсатты түрде жүргізетін болады.
Бұл жоба 300 мыңнан 8 миллионға дейінгі еуро мөлшерінде күрделі салымдарды талап етеді. Қаражат қолға алынған құрылыстарды аяқтау үшін қажет.