20:54, 18 Сәуір 2014 | GMT +5
Алматы облысында заңсыз айналымдағы 4 келі есірткі тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған маңында ұйымдастырылған арнайы операция барысында Алматы облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 4 келіге жуық есірткі тәркіледі.
ЕББ қызметкерлері жол полициясымен бірлесіп Көксу ауданының Балпық би кентіне шыға берісте Ескелді ауданының 38 жасар тұрғыны басқарып келе жатқан «Мерседес-200» көлігін ұстаған.
«Граф» атты полицей иті көліктің жүксалғышында бірдеңе барын сезіп қалды, тексерген полицейлер екі скотчпен оралған пакеттің ішінен салмағы 3 келі 790 грамм есірткі тапты.
Ұсталған адам есірткіні Алматыдан Талдықорғанға апара жатқанын айтты.
ҚР ҚК «Ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдау» 259-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.