Алматы облысында жаңа 3 өнеркәсіп орны ашылмақ

МАТЫ ОБЛЫСЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Индустрияландыру картасы бойынша ағымдағы жыл аяғына дейін Алматы облысында жалпы құны 3,8 млрд.теңгенің өндіріс нысандары іске қосылады.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған бағдарлама бойынша бірінші жартыжылдықта жалпы құны 4,3 млрд. теңге болатын 5 өнеркәсіп орны іске қосылған. Атап айтқанда құбыр, асфальт, сүт өнімдері, қоспа жем зауыттары, Хюндай маркалы жүк көліктері және автобустар құрастыратын зауыты ашылған. Жаңа өндіріс орындарының ашылуынан өткен жартыжылдықта облыстағы өнеркәсіп өнімдерінің табыстылығы артқан. Бұл бойынша көрсеткіш 267, 8 млрд. теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар