Алматы облысында жаппай улану оқиғасы орын алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/- Кеше кешке қарай формалин буымен уланған 11 адам Өтеген батыр ауылындағы Іле аудандық ауруханасына жеткізілді.
None
None

Бүгін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген адамдардың барлығы көздің шаншуы мен бас айналуына шағымданды.

Жұмысшылардың жаппай улануы Алматы облысы Іле ауданындағы Чапаев ауылында орналасқан «Алатау құс» ЖШС-нің құс фабрикасында орын алды. 

Алдын ала жасалған болжам бойынша олардың барлығы формалин буымен уланды. 2011 жылдың 28 желтоқсанында құс фабрикасының қызметкерлері құс қорасының ғимаратын формалинмен өңдеген болатын.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізу үшін құс фабрикасына облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен Іле ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының мамандары аттанып кетті.

Соңғы жаңалықтар