Алматы облысында жастардың топтық төбелесі адам өлімімен аяқталды

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында полиция қызметкерлері бірнеше адам зардап шеккен топтық төбелеске қатысушыларды ұстады. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.
None
None

Қақтығыс 2 мамыр күні Үштөбе қаласында орын алған. Топтық төбелесте үш адам зардап шеккен, оның екеуі пышақ жарақатының, тағы бірі қатты соққының салдарынан ауруханаға жеткізілген. Соңғысы бірнеше сағаттан соң есін жимаған күйі қайтыс болған.

Қазіргі таңда 1985 және 1990 жылдары туған Алматы облысының екі тұрғыны құрықталды.

«Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сыбайластарды ұстау шаралары қолға алынуда», - делінген таратылған мәліметтерде.

Соңғы жаңалықтар