Алматы облысында жасырылған қару табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жасырылған қару табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, оқиға Шамалған-Жыңғылды аралығында болды.

Алматы-1 станциясындағы көлік полициясының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында темір жолдан бес метр қашықтықта қараусыз қалған ғимараттан 12 калибрлі «Форд 500» маркалы тегіс ұңғылы қару (нөмірі өшірілген), 60 патрон, бронды кеудеше және «Хиотей» маркалы радиостанциясын анықтап, тәркіледі.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілер көрпеге оралып, үстіне қоқыс тасталып, құм себілген.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабына (қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар анықталуда. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді», деді полиция генерал-майоры.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын көлік полицейінің Қырғызстан азаматына жиенін тауып бергенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар