17:41, 18 Қазан 2012 | GMT +5
Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін суытқан автобустың жүргізушісі ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қазан. ҚазАқпарат - Қазанның 3-нен 4-не қараған түні Алматы-Ащыбұлақ тас жолында тіркелген жол-көлік оқиғасында Қарасай ауданының 49 жасар тұрғыны мерт болды.
Мәлім болғандай, жаяу жүргіншіні жеке тасымалдаумен айналысатын автобус жүргізушісі қағып кеткен. Жауапкершіліктен қорыққан ер адам куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, оқиға орнынан ізін суытқан. Іздестіру бөлімінің қызметкерлері Іле АІІБ-ның әріптестерімен бірлесе отырып бұл қылмысты бірнеше күннің ішінде ашты.
Қазіргі уақытта ұсталған ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 2 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.