09:35, 01 Мамыр 2011 | GMT +5
Алматы облысында жер сілкінді
АЛМАТЫ. 1 мамыр.ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда таңғы сағат 8.31-де күші 4 балдық жер сілкінісі болды.

Бұл ақпаратты дағдарыс жағдайларын басқару орталығы мақұлдады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 75 шақырым жерде Алматы облысының аумағында болған. Жер дүмпуі ошағында - 5, Алматы қаласында - 4, Алматы облысының орталығында 3,4 балл шамасында сезілді. Әзірше қираулар мен шығын келтіретін зардаптар жоқ. «Қазірге дейін ондай ақпараттар түскен жоқ»,- деді орталық қызметкерлері.