15:14, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматы облысында жергілікті маңызы бар жолдарға 11 млрд. теңге бөлінді - А.Баталов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында жергілікті маңыздағы жолдарға 11 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
«Бастыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы бойынша 304 шақырым жол қамтылған, алдағы жылы осы жолдың 150 шақырымы пайдалануға беріледі. Биыл «Алматы-Өскемен» (жалпы ұзындығы 264 шақырым) жолының 115 шақырымы тапсырылады», - деді облыс әкімі. Жергілікті жолдардың құрылысы мәселесіне тоқталған ол, жергілікті бюджеттен осы бағытта биыл 11,2 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл қаржы 305 шақырым жолды жөндеуге бағытталып, 220 елді мекеннің жолдарын қамтылы. Атап айтқанда, Алматы облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9317 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңыздағы жолдар 2529 шақырым болса, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар 6788 шақырымды қамтып отыр.