Алматы облысында жеті жасар қызды ұрлаған адам ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-іне Түрген ауылынан ерлі-зайыптылар жеті жасар қызының ұрланғаны туралы шағым берді.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, шақыру бойынша жеткен полицейлер баланы ауқымды іздестіруді ұйымдастырды. Бірнеше топқа бөлінген тәртіп сақшылары Түргеннің барлық көшелерін сүзіп өтіп, көп кешікпей қызды тауып алды.

Оны жас әйел ұстап отырған болып шықты, ол Еңбекшіқазақ АІІБ-іне жеткізілді. Қыз тірі, ешқандай зақым келмеген, ол ата-анасына тапсырылды.

Анықталғанындай, ұсталған әйел көршілес Балтабай ауылының 26 жастағы тұрғыны екен, ол балаға қатысты жамандық жасау ойы болмағанын, оған ауылдық дүкеннен тәттілер сатып әпергенін айтты.

Қазіргі кезде Еңбекшіқазақ АІІБ ҚР ҚК 125бабында көзделген «Адам ұрлау» бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар