Алматы облысында «Жетісу» ӘКК 100 млн. теңге шағын несиелер бермек

Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Ұмсын Балабиеваның хабарлауынша, қазірдің өзінде кәсіпкерлікті дамытудың басымдықты бағыттарының тізімі бекітілді және түпкі заемшыға 7,22% мөлшерінде несие ресурстарын беру жөнінде жылдық тиімді мөлшерлеме белгіленді.
«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы шағын несие беру ұйымдарына конкурс жариялады. Биылғы жылы бағдарлама ауқымында 100 млн. теңге көлемінде шағын несие беру жоспарланып отыр.
Жергілікті атқарушы органдар екінші бағыттың әлеуетті қатысушыларын анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Бүгінгі күні шағын несие алуға тілек білдірген 392 адамның тізімі жасалды. Тадау көрсетіп отырғандай, әлеуетті қатысушылардың 45 пайызы ауыл шаруашылығында өз ісін ашуға ұмтылып отыр, 45 - пайызы - қызмет көрсету саласында, 10 пайызы - өнеркәсіп өндірісінде қызмет атқармақ.