Алматы облысында жол-көлік апаттары санының өсуіне байланысты «Алматы-Өскемен» күре жолында арнайы акция өткізіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жол-көлік апаттары санының өсуіне байланысты «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар күре жолында «2015 жылғы жаздың қауіпсіз жолы» атты мотожарыс акциясы өткізіледі.
None
None

Облыстық ІІД-нің хабарлауынша, акцияның мақсаты - тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы ақпараттандыру, шараның барысында оның барлық қатысушыларына үгіттеу сипатындағы кітапшалар таратылады.

Соңғы 20 күнде аймақтың күре жолдарында 90 жол-көлік апаты тіркеліп, салдарынан 46 адам қаза тауып, 130 адам жарақаттанған. Жол апаттары жергілікті маңызы бар көлік жолдары мен елді мекендердің көше-жол желісінде басқа жол бөліктеріне қарағанда көбірек тіркелді (55 жол апаты, қаза тапқан 24 адам мен жарақат алған 72 адам).

Күре жолдардың республикалық желісінде 35 жол апаты тіркелді, оқиға салдарынан 21 адам көз жұмып, 58 адам жарақат алған. Тек үш көлік апатында ғана 21 адам қаза тапқан. Мәселен, Талғар ауданында жергілікті «Талғар-Бәйтерек» күре жолының 3-ші шақырымында жолдың қарама-қарсы жолағына шығу себебімен соқтығысу орын алып, соның салдарынан 9 адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды. Алакөл ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының 484-ші шақырымында да осындай жағдай орын алып, жол апаты салдарынан 7 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды. Кербұлақ ауданындағы «Алматы-Өскемен» күре жолының 166-шы шақырымында көлікті озу кезінде соқтығысу орын алып, 5 адамның өмірін қиып әкетті.

Соңғы жаңалықтар