10:13, 31 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілді,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Кеше Алматы облысында, «Алматы-Өскемен» тас жолының 141-ші шақырымында «Мерседес» пен «Мицубиси» көліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында «Мерседес» көлігінің жүргізушісі мен оның 1965 және 1970 жылдары дүниеге келген 2 жолаушысы қаза тапты. Сонымен қатар «Мицубиси» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы және «Мерседес» көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.