Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бес жас жігіт зардап шекті, олардың екеуі қаза тапты

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше түнгі сағат 10 шамасында Таусамалы кентінде жол-көлік апаты орын алды.
None
None

Тойота Камри автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта Ә.Молдағұлова көшесімен жүріп келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалып, ағашқа соғылды.

Осы сәтте автокөлікте 20-22 жас шамасындағы бес жас жігіт отырған. Жүргізушінің жасы бар болғаны жиырмада. Қатты соқтығысу салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ, апатта оның достарының бірі қаза тапты. Түрлі дәрежедегі сынықтармен тағы үш жігіт Қаскелең қаласының аудандық ауруханасына, сондай-ақ Алматы ауруханасына жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасының себебі әлі белгісіз, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар