09:26, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматы облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында төтенше оқиға орын алды: Бескөл-Достық бағытында кетіп бара жатқан жүк пойызының 4 платформасы мен 22 бос контейнері рельстен шығып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға кеше, наурыздың 12-сі күні таңертең болған. Төтенше жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, делінген ведомство хабарламасында. «Достық» стансысының арнайы пойызы апаттың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.