18:40, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматы облысында «Жылдың үздік кәсіпкері» аталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында «Жылдың үздік кәсіпкері» аталды. Талдықорғанның Мәдениет үйінде «2009 жылы Алматы облысында шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау болып өтті,

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Жылдың үздік кәсіпкері» аталымында бірінші орынды Қаратал ауданындағы «Қаратал Агротех» ЖШС директоры Базархан Байтаев иеленді.
«Текелі ГМЗ» ЖШС директоры Валентина Кубрак «Үздік әйел-кәсіпкер» атанды.
Түрлі салалардағы аталымдар бойынша басқа да онға жуық кәсіпкерлердің есімдері аталды.
Жеңімпаздар облыс әкімінің сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.