08:46, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Алматы облысында жылыту маусымы басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2012-2013 жылдарғы жылыту маусымына әзірлік және оны өткізу үшін бюджеттен 19,7 млрд. теңге бөлінді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 22,7 мың тонна дизельдік отын, 18,9 тонна мазут дайындалды. Коммуналдық кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдар алдағы жылыту маусымында 182,5 мың тонна көмірді қажет етеді, соның 73,5 мың тоннасы (40 пайыз) дайындалды.
Жылыту маусымына бюджеттік саланың 2 161 нысанын дайындау жоспарланған болатын, оның 932-сі - білім беру, 908-і - денсаулық сақтау, 321-і әлеуметтік нысандар. Қазіргі кезде олардың 1953-і немесе 99 пайызы дайын.
Алдағы жылыту маусымында тұрғындар үшін көмірге қажеттілік 1 218, 6 мың тоннаны құрайды, соның 779,9 мың тоннасы (64 пайыз) дайын.
Халықты қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі әкімдіктің ұдайы бақылауында.