Алматы облысындағы апатты мектептер мәселесі 2015 жылы шешіледі - А.Баталов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» Жолдауындағы басым міндеттердің бірі ретінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Алматы облысындағы апатты жағдайдағы мектептердің проблемасын келесі жылдың өзінде-ақ шешуге тырысамыз, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысумен өткен партияның облыстық филиалының XIV есеп беру-сайлау конференциясының барысында облыс әкімі Амандық Баталов.
None
None

«Негізгі назар апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды оқу мәселелерін шешуге аударылатын болады. Мемлекет басшысы, партияның Көшбасшысы атап көрсеткендей, бұл проблема біздің Сайлауалды платформамыздың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Апатты жағдайдағы мектептердің проблемасын біз келесі жылы шешеміз», - деп мәлім етті облыс әкімі.

Амандық Баталовтың айтуынша, бүгінгі күні үш ауысымды мектептер мәселесін шешу бойынша қадамдық жоспар дайындалды. «33 жаңа мектеп және 14 құрылыс, барлығы 47 нысан салу қажет. Бүгінгі күні облыста жалпы құрамында 314 мыңнан астам балалар бар 734 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, олардың ішінде 55 мектеп сабақты үш ауысымда жүргізеді және апаттық жағдайда 6 мектеп бар» - деп нақтылады аймақ басшысы. Оның айтуынша, республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі ашық күйде қалып отыр. «Бұдан әріде біз оқушы орны тапшы, яғни 1,5 ауысымнан асатын мектептерді анықтап, құрылыс салуды айқындауға тиіспіз», - деп толықтырды ол. Сонымен қатар А.Баталов басқа да өткір мәселелер, оның ішінде балалар бақшасының тапшылығы жөнінде айтты. «Балаларды қамту деңгейі - республикада ең төменгі деңгейде және 63,5%-ті ғана құрайды, республикалық көрсеткіште - 73,4%. Бүгінгі күні біз 2020 жылға қарай қамтуды 100%-ке дейін жеткізе алатынымызға айқын көз жеткізіп отырмыз» - деп мәлім етті ол. Облыс әкімінің ақпараты бойынша, «Балапан» бағдарламасының шеңберінде 2014 жылдың 10 айы ішінде барлығы 8 мемлекеттік балалар бақшасы салынды, 3 шағын орталықтар құрылды, 30 жекеменшік балалар мекемелері ашылды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр. Жұмыс сапары барысында ол «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХІV есептік-сайлау конференциясына қатысып, оған қатысушылар «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген жаңа экономикалық саясаттың басымдықтарын талқылады. Сондай-ақ партия Төрағасының бірінші орынбасары облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен және «Партияның 50 тұлғасы» жобасының қатысушыларымен кездесті, деп хабарланған «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар